Nokia 6600 slide - Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат

background image

Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Құрылғыңыз зарядталатын батареядан қуат алады.

BL-4U осы құрылғымен пайдаланатын батарея. Бұл

құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде

пайдалануға арналған: AC-8. Батареяны жүздеген рет

зарядтауға және зарядсыздандыруға болады, бірақ ол

біртіндеп тозады. Сөйлесу және күту режимдері

көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны

ауыстырыңыз. Тек Nokia компаниясымен рұқсат етілген

батареяларды ғана пайдаланып, батареяңызды Nokia

компаниясымен рұқсат етілген және осы құрылғыға

арналған зарядтағышпен ғана зарядтаңыз. Рұқсат

етілмеген батареяны немесе зарядтағышты пайдалану

өрттің, қопарылыстың немесе батареяның ағып кетуіне

немесе басқадай қауіп тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін.

Нақты зарядтағыш моделінің нөмірі ашаның түріне қарай

әр түрлі болады. Аша нұсқасы төмендегілердің біреуімен

анықталады: E, EB, X, AR, U, A, C немесе UB. арасынан

болуы мүмкін. арасынан болуы мүмкін. арасынан болуы

мүмкін.

Батарея бірінші рет пайдаланылған болса немесе

батарея ұзақ уақыт пайдаланылмаған жағдайда оны

зарядтау үшін зарядтағышты қосып, ажыратып, қайта

қосуды қажет етуі мүмкін. Егер батарея заряды толық

біткен болса, дисплейде зарядтау көрсеткіші жанғанша

немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша бірнеше минут

қажет болады.

Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп,

зарядтағышты ажыратыңыз.

Пайдаланылмаған жағдайларда зарядтағышты розетка

мен құрылғыдан ажыратып қойыңыз. Толық зарядталған

батареяны зарядтағышқа қосулы күйде қалдырмаңыз,

себебі асыра зарядтау оның қызмет мерзімін

қысқартады. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған

батарея уақыт өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.

Батареяны дайым 15°C мен 25°C (59°F мен 77°F)

темпереатура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс

температура батареяның сыйымдылығын азайтып,

қызмет мерзімін қысқартады. Батареясы ысып кеткен

немесе суынған құрылғы уақытша жұмыс істемей қалуы

мүмкін. Батареяның қызметі қату температурасынан

төмен жағдайда ішінара шектеледі.

Батареяны қысқа тұйықтамаңыз. Қысқа тұйықталу тиын,

қағаз қысытрғыш немесе қаламсап сияқты металл нысан

батареяның оң (+) және теріс (-) полюстерінің қосылуын

тудырған кезде кездейсоқ орын алуы мүмкін. (Олар

батареядағы металл жолақшалары сияқты көрінеді).

Бұл, мысалы, қалтаңызда немесе әмияныңызда

қосымша батарея болғанда орын алуы мүмкін.

Терминалдардағы қысқа тұйықталу батареяны немесе

байланыстырғыш затты бүлдіруі мүмкін.

Сандық құқықтарды басқару

45

background image

Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың

жарылуы мүмкін. Батареялар бүлінсе де жарылауы

мүмкін. Батареяларды жергілікті құзырлы органдардың

ережелеріне сәйкес пайдаланыңыз. Мүмкін болған

жағдайда қайта пайдалануға жаратыңыз. Тұрмыстық

қалдық түрінде қоқысқа тастамаңыз.

Батареяларды немесе ұяшықтарын аршымаңыз,

кеспеңіз, ашпаңыз, майыстырмаңыз, бүлдірмеңіз,

теспеңіз немесе кішкентай кесектерге бөлшектемеңіз.

Батареядан еріп кеткен жағдайда сұйықтықты теріге

немесе көзге тигізіп алмаңыз. Теріңізге немесе

көздеріңізге сұйықтық тиген жағдайда сумен жуып

тастаңыз немесе медициналық көмек іздеңіз.

Батареяның түрін өзгертпеңіз, қайта жасамаңыз, басқа

заттарды оның ішіне салуға талпынбаңыз немесе оны

суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе

салмаңыз.

Батареяны дұрыс пайдаланбау өрттің, жарылыстың

немесе басқа қауіптің пайда болуына алып келуі мүмкін.

Егер құрылғы немесе батарея түсіп кетсе, әсіресе қатты

жерге түсіп, сіз батареяның бүлінгеніне сенімді

болсаңыз, оны пайдаланар алдында тексерту үшін

қызмет көрсету орталығына алып барыңыз.

Батареяны тек арнайы мақсаттарға сай пайдаланыңыз.

Ешқашан зақымданған зарядтағышты немесе

батареяны пайдаланбаңыз. Батареяңызды кішкентай

балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Nokia батареясының шынайылығын растау бойынша

нұсқаулықтар
Қауіпсіздік мақсатында әрқашан Nokia корпорациясының

өзі шығарған батареяларын пайдаланыңыз. Фирмалық

Nokia батареясын алғаныңызды тексеру үшін оны

өкілетті қызмет көрсету орталығынан сатып алып,

төмендегі қадамдарды орындау арқылы оны тексеріңіз:

Осы қадамдардың сәтті аяқталғандығы батареяның

фирмалық екендігіне кепілдік бермейді. Егер

батареяңыздың шынайы, фирмалық Nokia батареясы

емес екендігін дәлелдейтін қандай да бір себеп болса,

оны жақын жердегі Nokia өкілетті қызмет көрсету

орталығына немесе дилеріне апарып, көмек сұраңыз.

Егер шынайылығын растау мүмкін болмаса, батареяны

сатып алған жеріңізге қайтарып беріңіз.

Шынайылықты тексеру голограммасы

1

Этикеткадағы голограмманы тексерген кезде оның

бір бұрышынан қарағанда Nokia корпорациясының

қол алысу белгісін, ал екінші бұрышынан қарағанда

«Nokia Original Enhancements» логотипін көруге

тиіссіз.

2

Сіз голограмманы солға, оңға, төмен және жоғары

бұрғаныңызда әрбір бұрышынан сәйкесінше 1,2,3,

және 4 нүктені көруге тиіссіз.

Батареяңыз шынайы болмаған жағдайда
Егер этикеткасында голограммасы бар Nokia

батареясының шынайы Nokia батарея екендігін растай

алмасаңыз, батареяны пайдаланбауыңызды өтінеміз.

Батареяны жақын жердегі Nokia өкілетті қызмет көрсету

орталығына немесе дилерине апарып, көмек сұраңыз.

Nokia мақұлдамаған батареяны пайдалану қауіпті және

нашар жұмыс истеп, құрылғыңыз бен оның жабдықтарын

зақымдауы мүмкін. Бұл сондай-ақ құрылғыға

қолданылатын қандай да бір рұқсатты немесе кепілдікті

күшінен айыруы мүмкін.

Фирмалық Nokia батареялары туралы қосымша

мәліметтерді табу үшін www.nokia.com/battery торабын

қараңыз.

Күтім және техникалық қызмет көрсету
Сіздің құрылғыңыз дизайны мен шеберлілігі жоғары өнім

болып табылатындықтан, оны ұқыпты пайдалану керек.

Төмендегі ұсыныстар кепілдігіңіз күшін сақтауға

көмектеседі.

Құрылғыны су тигізбеңіз. Жауын-шашынның,

ылғалдың және сұйықтардың құрамында

электрондық тізбектердің тот басуына себепші

болатын минералдар болуы мүмкін. Егер сіздің

құрылғыңыз дымқылданып кетсе, батареяны алып,

оны орнына салардың алдында құрылғыны әбден

құрғатыңыз.

Құрылғыны шаң, лас жерлерде пайдаланбаңыз.

Оның ауыстырмалы бөліктері мен электрондық

бөлшектерінің зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны ыстық жерлерде сақтамаңыз. Жоғары

температура электрондық құрылғылардың қызмет

ету қысқартып, батареяларды зақымдауы және

пластикалық бөліктерінің қалпын бұзуы немесе

балқытып жіберуі мүмкін.

46