Телефоныңыз жайлы
Бұл нұсқаулықта сипатталған сымсыз
құрылғы WCDMA 850 және 2100 және
GSM 850, 900, 1800, және 1900
байланыс желісінде қолдану үшін
мақұлданған. Байланыс желісі туралы
көбірек мәлімет алу үшін қызмет
провайдеріңізбен байланысыңыз.
Құрылғыдағы ерекше мүмкіндіктерді
пайдалану кезінде заңдарға
бағыныңыз және жергілікті кеден,
құпиялықты, басқалардың құқықтарын,
сонымен қатар авторлық құқықтырын
сый тұтыңыз.
Авторлық құқықтар кейбір
бейнелердің, әуендердің және басқа
8
Өз телефоныңыз етіңіз
құрылымдағы заттардың көшірілуіне,
тасымалдануына, өзгертілуіне шектеу
қоюы мүмкін.
Сіздің құрылғыңызда үшінші жақ
тораптарына (алдын ала орнатылған)
бетбелгілер мен сілтемелер болады.
Сондай-ақ, құрылғыңыз арқылы басқа
да үшінші жақ тораптарына қатынас
құруыңыз мүмкін. Үшінші жақ
тораптарына Nokia компаниясының еш
қатысы жоқ және олар үшін
жауапкершілікті жүктенбейді және
қабылдамайды. Егер сіз осындай
тораптарға қатынас құратын
болсаңыз, мазмұн мен қауіпсіздік
шараларын ескергеніңіз жөн.
Ескерту
Құрылғының оятқыш сағаттан басқа
мүмкіндіктерін қолданғыңыз келсе,
құрылғыны қосыңыз. Сымсыз
құрылғыны қолдану кедергілер мен
қауіп тудыратын болса, құрылғыны
қоспаңыз.
Құрылғыңызда сақталған барлық
маңызды ақпараттың жазбаша немесе
қосар көшірмесін жасауды естен
шығармаңыз.
Кез келген құрылғыны қосу үшін оның
пайдаланушы нұсқаулығындағы
қауіпсіздік жөніндегі мәліметтерді
оқыңыз. Сәйкес келмейтін өнімдерге
жалғамаңыз.
Маңызды: Сенімді қызметтерді
пайдаланыңыз және зиянды
бағдарламаларға қарсы қауіпсіздік пен
қорғаныш шешімдерін қолданыңыз.